Махаббат – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Махаббат» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 837
Десек те асыл ұлмыз, ару қызбыз —
алдында махаббаттың қарусызбыз.
Әрқашан — жас болсақ та, кәріміз де
жүректің сусынына зәруміз біз.
Заманның қыздарымыз, ұлдарымыз,
биікпіз, —
Алатаудай тұлғалымыз.
Бірақ та махаббаттан аласамыз,
сүйіскен жүректердің құрбанымыз.
Болмайды махаббатта жарыс бәйге,
бірақ та ешкім одан қалыспайды.
Махаббатсыз жүректер шөліркейді,
махаббатсыз тілектер қабыспайды.
Жүреміз жыр ғып егіп, гүл ғып тағып
кірпіктен махаббат боп тұрдық тамып.
Махаббаттың сәулесін сағынады
Жер бетінің тоқымдай құрлықтары.
Махаббат керек саған, маған да, оған,
ешқашан толастамас ғаламда ол ән.
Қорқамын соның нәзік сабағы үшін,
ғұмыры үшін мен соның алаң болам.
Ұлым десін,
Ай жүзді қызым десін —
махаббатсыз сәуле жоқ жүзінде шын.
Жүректерде,
Санада,
Жер бетінде
Махаббаттар сабағы үзілмесін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері