Жақсылықтың бағасы – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Жақсылықтың бағасы» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 1
  • 15717
Бітер емес сағынышым,
Сезім неге жомарт тым?
Бір бақытты табу үшін
Бір бақытты жоғалттым.
Кімге жетті өкінішім,
Кімнен нені сұраймын?
Бір шаттыққа жету үшін
Бірнеше рет мұңайдым.
Бір шумақты баптау үшін,
Он шумақты өшірдім.
Достың өзін сақтау үшін
Сатқындығын кешірдім.
Жартастың да қатты тәнін
Жарып өтер қарағай.
Күттім күннің сәтті таңын,
Жастығыма қарамай.
Күлер жерде түнеріппін,
Жаным ашып жақынға.
Айырбастап жіберіппін
Жастығымды ақылға.
Бірде ойымды нұрландырдым,
Бірде, бейне, құйын — ішім.
Басқа арманды құрбан қылдым
Бір өзіңді сүю үшін.
Тіршіліктің, әр күнінің
Ғұмырға бар қатысы.
Жақсылықтың барлығының
Жақсылық па ақысы?
Алып өтіп сапар — күннен
Өлеңімнің жарқылы.
Асуларға бет алдым мен,
Қия жолдар арқылы.


Пікірлер (1)

Азамат

Өте жақсы тақпақ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылықтың бағасы өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Жақсылықтың бағасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылықтың бағасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылықтың бағасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері