Пейзаж

Бұл бетте «Пейзаж» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 603
(Александр Прокофьевтен)

Өзенде кернейдейін гудок ойнап
Көк терек, қызыл шие өскен бойлап,
Талай жыл еткен еңбек экскаватор –
Пейзаждың бір тұлғасы іске татыр.
Асыр сап бала біткен улап-шулап,
Жарысқан өзен бойлай умақ-шумақ.
Бес мың гүл канал төрін жайнай біткен,
Еділді Дон толқыны қуып жеткен.
Жетті ол мәңгі-бақи айрылмасқа,
Аталды Еділ – Дон деп айнымасқа.
Жусанды шөлейт дала кетті гүлдей,
Ғажайып болды бұл жер ертегідей.
Жасаушы құрылысты адамдағы,
Күн нұры молайғанын аңғарды әні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пейзаж өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Пейзаж өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пейзаж өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пейзаж өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері