Мәдениет ошағы

Бұл бетте «Мәдениет ошағы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 730
(Қазақ, мемлекеттік университетінің бір жылдығына арнап)

Университет мәдениет ошағы,
Нұрлы ғылым алтын бұлақ құшағы.
Санасына құйып сәуле жас ұрпақ,
Қырқылуда надандықтың тұсауы!
Жалшы ұландар, елдің өрен ұрпағы
Өнерге өрлеп, ескілікті құртады.
Надандықтың тор пердесін талқан қып,
Қақ қанатты, шыңға еңбектің сұңқары.
Жалшылар ең табаныңа тас батқан,
Кеше зарлап, көзден қанды жас аққан.
Талпын, бақыт таң сәулеңде шарықта,
Өнерлен тез, жарақтан жас жасақтан.
Өнерлену бүгінгі өрен ұраны.
Өнерлен де бол кезі ашық қырағы,
Университет, жайна мәңгі, ғылымның
Ұшан теңіз, телегей толқын бұлағы.

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәдениет ошағы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Мәдениет ошағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәдениет ошағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәдениет ошағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері