Шекара

Бұл бетте «Шекара» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3373
Шеп құрып ап шекараның шетіне,
Тұр бағандар терең бойлап бекіне.
Бір жағы ашық, ал бір жағы күп-күңгірт,
Жалпақ аспан жарылғандай екіге.
Айрылысып көлдің екі жағасы,
Шарт сынғандай бүтін таудың арасы.
Көріспеске кеткендей бір ажырап
Ормандардың қатар өскен ағашы.
Мұң естіліп таяқ тастам жердегі
Кернейді ой көк толқындай кеудені.
Бақыт, мұңды тастағандай қақ бөліп,
Шекараның жалғыз сызық белдеуі.
Жаутаңдайды Иранның шөл даласы,
Көңілінде көп қасірет-наласы.
Әрбір елдің шекарасы болғанмен
Болмаса екен бақыттың шекарасы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шекара өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Шекара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шекара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шекара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері