Жата бергім келеді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жата бергім келеді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2339
Жата бергім келеді, жата бергім,
Тәтті ұйқыға балбырап бата бергім.
Ей, аруақ, азырақ тоқтай тұршы,
Біраз өмір сүруге бата бергін.
Не күтесің орынсыз асыққанмен?
Өмір сүре тұрайын ашық таңмен.
Тірлігімде тудырған талай өлең,
Қоштасайын дұрыстап ғашықтармен.
Пенделіктен десем де аса алмадым,
Тірлігімде қиянат жасамадым.
Бірінен соң арманның бірі биік,
Шын биігін шыңырау баса алмадым.
Кез жетсе де қалатын кебін киіп,
Бәрінен де бәрінен көңіл биік.
Қуа бергім келеді, қуа бергім,
Қашса дағы зымырап өмір-киік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жата бергім келеді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жата бергім келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жата бергім келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жата бергім келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері