Май толқыны

Бұл бетте «Май толқыны» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 518
Май толқыны толқып, қайнап,
Қайыстырған жерілді.
Аспанға асып,
Ұран тасып,
Майыстырған
Көгіңді!
Май толқынын бұғауды үзген
Елім таңда шыңға аттап,
Шын құлдықтың
Шынжырларын
Қырқып қолмен Шумақтап.
Май толқыны бізде оралған
Қызыл алтын туына.
Бесжылдықтың
Туын тіккен
Елім еңбек Шыңына!
Май толқыны толқындырған
Колхозданған далам да,
Маршында,
Жарысында
Тракторлар Колонна!
Миллион қолдар зор қимылда
Станокке жармасқан.
Қосып үлес
Екінші бес жылдықтың тұр
Жалғасы!
Бесжылдықтың әлденеше
Еселейміз жалғасын.
Миллион қолдар
Ұрған! Ұрар!
Талмай болат Балғасын!
Станокта балғаларды,
— Миллион қолдар ұрамыз!
Мәңгі жacap
Жаңа ғасыр
— Социализм
Құрамыз!

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май толқыны өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Май толқыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май толқыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май толқыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері