Алматы түні – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Алматы түні» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1196
Көрсе көзің тоя ма
Алматыда түн қызық,
Тұрғандай сәл ауада
Бір ғажайып үн жүзіп...
Сымдай тартқан арықта
Сыңғыр-сыңғыр су күліп,
Сыйласқан бір қалыпта
Сұлулары сырды ұғып...
Жан рақат тапқандай
Түнгі ауада тамылжып,
Көшіп бара жатқандай
Көз ұшында тау жылжып...
Жапырағына жұптаған,
Жұпар ауа жұттырып,
Ақ қайыңдар ұйықтаған
Аяғынан тік тұрып...

1961


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы түні өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Алматы түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматы түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері