Алатау – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Алатау» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Алатау, шың-құзыңнан
Самғап өстім, салып ән,
Қасыңда тұрсам қызығам,
Алысқа кетсем сағынам.
Қонып ұшқан шаңқылдап
Жартасында ылашын,
Жанарымды, - жарқылдап
Тартасың да тұрасың.
Жыр шалқытар шыңыңда
Сенен бір күш көремін,
Ылашындай, шыңыңда —
Шарқ ұрса екен өлеңім.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Алатау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері