Ақын достар

Бұл бетте «Ақын достар» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1090
Адалдық, ар-ожданға үлгісіңдер,
Ғажайып, ұқсамайтын түрлісіңдер.
Сендерді сағынамын ақын достар
Шартарап ой ізінде жүрмісіңдер?!
Ой деген батырады қанша мұңға?!
Сендерге жыр арнадым аңсадым да.
Сол бір із, сол бір жолда сапар шегіп,
Қамығып, қажыдың ба, шаршадың ба?
Сапарлас ақындарым санаттағым
Қауырсыны ғажайып қанаттарым.
Аялдап, отырсың ба, тұр ма екенсің,
Әлде осы адымыңды тағы аттадың.
Күн ауып еңкейгендей мұңсың батқан
Сенің кеудең ғажайып тылсым жатқан.
Ел деген, Елім деген жүрегінде,
Бір әсем жырлар толқып дүрсіл қаққан.
Әр сөзің бағаланар алтынменен,
Сен ақынсың осы бір қалпыңменен.
Бұзып- жарып кетердей жүрегіңді,
Қаныңның әр тамшысы халқым деген.
Ақынсың ба, ел деп тартқан азабың көп
Сен жүрсің ойдың кенін қазамын деп.
Сен ортақ баласысың Алты Алаштың
Тұңғиық жанарың тұр қазағым деп!
Бір-бірін кемелердей жүзген жанап,
Сарғайған, мәуеленген күзге балап.
Сендерді сағынамын ақын достар,
Сол тұсқа бағыт алған ізге қарап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын достар өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ақын достар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын достар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақын достар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері