Балам – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Балам» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2788
(Алимаға)

Ауырма, балам, әкеңнің
Аулына келе жатқанда.
Әдейі сені әкелдім
Ағайын, туыс, қарттарға.
Өсірген мені арқалап
Аяулы апам осында.
Бір соны көру мархабат
Әкелік еткен жасымда.
Сұрағым келді, білсе, мен
Көңілге шаттық мекендеп.
Балалық күнім бір сенен
Айнымай қалған ба екен,— деп.
Айнымай қалса, мен болып
Кемпірге жүгір «апалап».
Қартайған шақта, еміреніп
Тағы бір көрсін арқалап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балам өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Балам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері