Жігіт – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жігіт» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кездесуге алғаш бетпе-бет
Жүгірді Дон Еділге,
Орнады теңіз көкпеңбек
Құшақтасқан жерінде.

Атқарып заман ұлы ісін,
Өзгертіп әлем картасын,
Алуға біраз тынысын
Ерлер жатты тарқасып.

Толқынға сүйеп кемерін,
Теплоход тұрды жүздеген.
Айтысып әркім мекенін,
Қоштасты жарқын жүзбенен:

— Сен қайда?..
— Қырым, Ялтаға,
— Шығысқа, сонау Байкалға,
— Фабрика, зауыт, шахтаға,

— Алысқа, алтынды Алтайға.
— Магнит тауға, Оралға,
— Колхозға, совхоз, МТС-қа.
— Тағы да зор каналға,

Каналға - алып құрылысқа!
Бөгеліп тұрған сол бір сәт
Жас жігіт, бастық қасында:
— Қош, достар, - деді қол бұлғап

— Қалатын болдым осында!..
Жылжыды кеме лезде
Алыстай сырғып жағадан.
Дауыстар шықты бір кезде:
— Шабадан қалды, шабадан!..

Жағада тұрған сол жігіт,
Сілтеді қолын жалғыз-ақ.
Кемеде ду-ду жұрт күліп,
Жігітке қарап тұрды ұзақ.

Жымиды жарқын көңілмен:
— Інім, - деп бастық. –
Сүйікті... Еңбекте үздік көрінген
Алып қап тұрып жігітті.
— Ол қалай, батыр, оның не
Кетті ғой бәлкім, керегің.
— Барсын, - деді ол, - еліме
Менің де бір сәлемім!
Онда кеткен бұйымды
Білем: дәптер, күнделік
Оқысын өткен жолымды,
Қуанып, туған ел көріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жігіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері