Құбылып тұрған бәйшешек – Бұқар жырау

Бұл бетте «Құбылып тұрған бәйшешек» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 2
  • 14593
Құбылып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Ақиық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.
Сөзге көрме Абылай,
Мен пақырда сән бар ма,
Уақытым мұндай болғанда
Уақытым кетті басымнан,
Хан Абылай атанып,
Жайнап шықтың жасыңнан
Малмен ісің болғанда,
Уақытыңыз толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан.
Ханның жақсы болмағы-
Қарашаның елдігі.
Қараша халық сөйлесе,
Алтыннан болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас кемдігі.
Айтсам сөзім таусылмас,
Тоқтатайын сөзімді.


Пікірлер (2)

Гулайна

Кушты жазылган

Нуржан

Казирги заманнын жуз шумагы
Бурынгы бабаларымыздын бир
Шумагынада тен келмейди гой
Неге?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құбылып тұрған бәйшешек өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Құбылып тұрған бәйшешек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құбылып тұрған бәйшешек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құбылып тұрған бәйшешек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері