Менiң ауа райым

Бұл бетте «Менiң ауа райым» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 970
Бұзылып тұр менiң ауа райым!
(Соны, бәлкiм, жөн көрдi ме құдайым)!
Бұлт астында қалды менiң күн, айым.
Жақсы болсын ендi соңы ылайым.
Бұзылып тұр менiң ауа райым.
Осы кезгi мен үшiн бiр шақта ауыр
дегендей-ақ:
босқа жатпай қақ дабыл.
Күндiз-түнi –
тұла менiң бойымда –
соғып тұрды ала құйын, ақ дауыл.
Соқсын, соқсын тұла бойды шарласын.
Нерв-жiбiм ұлып, сыңсып, зарласын.
...Арсы-гүрсi тасып жатқан тамырым
бұзып ендi кетер ме екен арнасын.
Былай қалып күдiгiмнiң сақтығы,
сап басылды қызығымның аптығы.
Ұшып кеттi –
арманымның пәктiгi,
үсiп кеттi –
үмiтiмнiң ақ гүлi.
Өртке түсiп ертеңiмнiң өлеңi,
шулап кеттi тiлегiмнiң терегi.
Тебiренiп ойларымның шалқары.
Толқып тұрды ақылымның тереңi.
Тар жол тайғақ кешулi боп жол жатыр,
сол жолдарда өткел бермей ор жатыр.
Жұдырықтай планета жүрегiм
ұшып кете жаздап ендi зорға тұр.
Қуат қалмай,
қажыр қалмай күшiмде,
қалмай ендi бiр береке iсiмде,
қаңғып, лағып бара жатыр қиялым
сол ақ түнек ала құйын iшiнде.
Бұзылып тұр менiң ауа райым!
(Соны, бәлкiм, жөн көрдi ме құдайым).
Бұлт астында қалды менiң күн, айым,
Бұзылып тұр менiң ауа райым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менiң ауа райым өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Менiң ауа райым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менiң ауа райым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менiң ауа райым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері