Далон асуында

Бұл бетте «Далон асуында» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 679
Қос бүйiрiн қысып қара тастарға,
өрмелеген шатқалдардан асқарға –
алдымызда жол жатыр
арқан-сынды тасталынған аспаннан.
Салқындайды таудың iшi.
Тоңамыз.
Жақындайды шың мен бiздiң арамыз.
Қанаты бар құстың өзi жете алмас.
биiктiкке,
биiктiкке барамыз.
Тайып кетсең таппайтұғын тиянақ,
тiк жартастан шығамыз-ау қиялап.
барамыз бiз бос кузовтың үстiне
бұйра-бұйра бұлттарды тиеп ап.
Десем-дағы:
көргенiме ырзамын,
шүберекке түйiлiп-ақ тұр жаным, –
бұрқыраған долы тасқын бiр жағым,
құлдыраған түпсiз шыңырау бiр жағым.
Ең ақырғы асу да ендi басталған
өзiңе-өзiң дейсiң ендi:
жасқанба!
Ақырғы асу...
бiр ұмтылып ырғалып
шықтық бiздер
машинамен
аспанға!
Қарсы алдымда –
құз жартасты иықтап,
босап шығып шатқалдардан,
тұйықтан –
қойынына найзағайын тығып ап
сырғып келе жатты қара бұлттар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Далон асуында өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Далон асуында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Далон асуында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Далон асуында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері