Қауыштық-ау ақыры – Медеу Демеу

Бұл бетте «Қауыштық-ау ақыры» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4867
Өзің жақтан естимін теңіз демін,
Шалғыннан да таппадым,жоқ іздерің.
Жылы жақтан оралған жыл құсының,
Жанарынан аяулым, сені іздедім.

Көз алдымда сол күндер тұрады әлі,
Талайды ұқтым сен маған ұнағалы.
Кей бір қызың қылмысып күлгенінен,
Кей бір қызың әдемі жылағаны.

Жанымдасың,жасқаншақ ырым бітті,
Саған жазған шықса екен жырым мықты.
Сенен көрем таусылмас сезімдерді,
Сенен көрем тағы да сұлулықты.

Таптым ақыр, мен сені жолықтырдым,
Құшағыма қуаныш болып кіргің.
Сұлу емес, шын сұлу, сүйген сұлу,
Мұның мәнін ақыры сен ұқтырдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауыштық-ау ақыры өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Қауыштық-ау ақыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауыштық-ау ақыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауыштық-ау ақыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері