Бәлкім кейін түсінерсің – Медеу Демеу

Бұл бетте «Бәлкім кейін түсінерсің» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 7329
Түсін мені, түсінбе де сен мейлі,
Ауыр ойлар жүрегімді меңдейді .
Оңашада жалғыз қалып жылаймын,
Жылау деген жан жарасын емдейді.

Талай көргем жалған сөзін сендейдің ,
Дерсің, бәлкім, сені өртеген нендей мұң?
Тілсіз, мұңсыз жақсы көрген жандардың ,
Менше сүйе аларына сенбеймін.

Болса дағы сенсіз айлар, жыл өткен,
Таппасам да жанға шипа, жүрекке ем.
Баянсызын махаббаттың қайтем мен,
Сүйсем сүйем, тек қана адал жүрекпен.

Мейлі бірге термейін мен қырда гүл,
Жүрегімде саған деген жыр –жалын.
Сен не десең, о де, қалқам, мен бірақ,
Сүйгендігім үшін сені ырзамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәлкім кейін түсінерсің өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Бәлкім кейін түсінерсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәлкім кейін түсінерсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәлкім кейін түсінерсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері