Қолыңды ұсын – Медеу Демеу

Бұл бетте «Қолыңды ұсын» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3273
Бағым ба едің, әлде сен, сорымбысың.
Баққа барар баспалдақ, жолымбысың?
Бәлкім мені мазалап жүр шығарсың,
Сонда дағы, қалқам-ау, қолыңды ұсын.

Қолыңды ұсын, қалаймын соныңды шын.
Бір көтеріп секемшіл көңілді шын,
Жырлар жазсам сен жайлы, Отан жайлы.
Оның бәрі, қарағым –ау, сенің күшің.

Жігітпін ғой жолдастық жолын білер.
Сені сырттай қызғыштай қорып жүрер,
Өзгерсе өмір өзгерер бұл қалпынан.
Мен өзгермен, сондықтан, қолыңды бер.

Бақ пен байлық, думанға, артыққа асық,
Жігіт емен жүрген бір шалқып басып.
Қамшының сабындай-ақ ғұмыр ғой бұл,
Өтейікші өмірден қолтықтасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолыңды ұсын өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Қолыңды ұсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолыңды ұсын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолыңды ұсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері