Он жылдан соң – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Он жылдан соң» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4046
Тал бесігіңнен таңғажайып сыр таба алдым,
Есіңнен әлі кете алмай жүр-ау балаң күн.
Он көктемнен соң ойларға толы өмірмен
Шәкірттік шаққа оралдың.

Есіңде әлі балалық сырда жүзгенің,
Естелік жібін он көктем бойы үзбедің.
Оралып қайта өзің қалдырған кешегі
Балалық күнді іздедің.

Сағыныш сезім жүректе алау жандырған,
Өткені рас осынау жылда сан думан.
Бойжеткен қыздың шәкірттік белгісі бір кезгі
Ақ бантик қайда қалдырған.

Өткен күндерді айттың ба бүгін ертек қып,
Қалайша мынау аз ғана сәтте ержеттік.
Шәкірттік шағын еске алған анау жігіттің
Кездері қайда тентектік.

Он көктем бойы өтіпті дәурен, тұрмапты,
Уақыт атты әмірші бүгін тіл қатты.
Сандаған жылдар сабырмен келіп бойыңнан
Балалық күнді ұрлапты.

Өткен бір шақпен жараса білсең, жаның ұқ,
Табиғатыңнан шын сезім жатса табылып.
Оралдың бүгін ойларға толы көңілмен
Кешегі күнді сағынып.

Қайғы қылышы торлапты-ау кейде аспанды,
Жабығып келіп жанардан бүгін жас тамды.
Іздедің қайта жүрегің мұңға малынып
Жоғалтып алған достарды.

Өткен бір күнге апарып қыз бен ұлыңды,
Уақыт-кеме өзіңе бүгін бұрылды.
Есейіп қанша кетсең де солай, достарға
Сезімің болсын бұрынғы.

Ұғынып соны жаныммен мен де жай табам,
Бойыңнан сенің сағыныш сазын байқағам.
Кешегі күнге шәкірттік доспен бір жүрген
Оралшы бүгін қайтадан.

Осылай ет те әсем бір әнге сал бүгін,
Оралып тұр ғой өйткені саған бал күнің.
Шаттықты күнде өздеріңе ғана арналған
Думанмен атсын таң бүгін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он жылдан соң өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Он жылдан соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он жылдан соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он жылдан соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері