Елім менің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Елім менің» атты Абдрахман Асылбек жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7485
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Елім менің қандай? –
Бұлақтары балдай,
Жұта берем қанбай
Кәусарынан-ай.
Елім енің қандай? –
Бұлбұлы жез таңдай,
Тыңдай берем талмай,
Салса бір ән-ай.

Қайырмасы:
Елім менің:
Елім-ай,
Жерім-ай,
Көлім-ай.
Белес-белес белім,
Қайран елім-ай!

Елім менің – бағым,
Елім менің – тағым,
Алтын арай таңым,
Тіршілігім-ай.
Елжіресін ел де,
Мөлдіресін көл де,
Сәуле шашып сен де,
Күлші, күнім-ай.

Қайырмасы.

Елім менің дарқан,
Байлық толы алқам,
Алатау мен Арқам –
Мақтанышым-ай.
Елім менің еркем,
Елім менің көркем,
Таң-тамаша өлкем,
Шат дауысым-ай!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елім менің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Елім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елім менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Елім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері