Қайтерсің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1452
Өткіздім ойға батып күндерімді,
Өткіздім ояу жатып түндерімді.
Сездің бе,
Сезбедің бе,
Білгенім жоқ,
Өзіңе тіл қата алмай жүргенімді.

Жалын жамап іштегі лапылдаған
Қару жаман кезінде атылмаған.
Дүңк еткіздім бір күні сүйемін деп,
Осылайша тіл бітті ақыры маған.

Қайтерсің,
Күлермісің,
Жылармысың,
Бұл қандай келеңсіз деп сынармысың.
Ойлашы,
Аяқ асты тілі шықса,
Мылқаудың не дейтінін құдай білсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтерсің өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Қайтерсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қайтерсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтерсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері