Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2127
Бала жігіт... бусанады жас көңіл,
Өртенеді шыға алмай бір тұманнан.
Түске айналып бара жатты басқа өмір,
Таутекедей тастан тайған тым аңғал!..
«Бүкіл жанға өрттей көзбен алау сап,
Өте шықты-ау, сиқырлы өзен – сонау шақ.
Кешігіп сәл көрген бұлдыр көктем бе ең,
Жүргенімді білмегенде нені аңсап!»
Деп келіншек көкірегі күйіп тұр,
Обал-ау, ә, алар еді сүйіп бір.
Қара көздер арбасуға төзімсіз,
Берер еді тереңінен құйып сыр!
Кешкі көктен жаңа туған ай құсап,
Келіншекке кетті жігіт қайғы сап.
Ол ұмытқан, жары екенін біреудің,
Ол ұмытқан, бар екенін ойлы шақ.
Қос махаббат,
Қос өзендей қос үміт,
Жалғыз шешім таба алмады қосылып.
Келіншек тұр «қайным» деуге бата алмай,
Бала жігіт кете ме деп шошынып.
Бәрі, Бәрі болып оған кінәдай,
Не болды деп сасады іштей, құдай-ай,
Көп қарауға жігітті аяп тым албырт,
Қарамауға дәті құрғыр шыдамай.
Ал, жігітің күйде екен ол қандай,
Жағасына жалғыз аққу қонғандай.
Жақындауға буындары дірілдеп,
Жан сезімі торға түскен торғайдай.
Өзіне-өзі дейді іштей «үндеме»,
Өртеніп бір көкірегі шілдеге,
Қу келіншек шапалақтап кетеді-ау,
Десе егер бірдеңе!?
Жалын отты жауып ұят санаға,
Мазақ етіп сезім ұшқан шағала.
Қалып қойды-ау, қарсы жүзбей толқынға,
Өткел таппай екеуі де жағада...
Көкіректің көзбен оқып күмбірін,
Түсінді ме, түсінбеді бір-бірін.
Сап-сап айтып тартынады қос ынтық,
Жел сезімнің төзім тартып шылбырын!
Бір-біріне деген ыстық іңкәрлік,
Кетті оларды өкіндіріп, мылқау ғып.
Ояу аспан кірпігінде әлі де
Со махаббат айтылмаған жүр қаңғып!..
* * *
Бір бұлтты сен кел төбеңе жамыл да,
Бұлтты жазар бір қызу бар жанымда.
Шомылып көк нөсеріне сезімнің,
Күн өтіне қанат жайып, дамылда!
Теңіз боп та, кел баурыма алқынған,
Ашуыңнан ақырғанда жал тұрған.
Сабыр айтып шаңқылдаған төбеңде,
Ақ шағалаң болайын мен талпынған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері