Шақырасың, бастайсың қайда мені

Бұл бетте «Шақырасың, бастайсың қайда мені» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Шақырасың, бастайсың қайда мені,
Қарай берем сен барда айға әдемі.
Ұмыт болған салады ойға нені
Түнгі қырдың торғындай майда лебі.
Көкірегімнен көз ашып тірі көктем,
Жасыл белді еске алдым жүріп өткен.
Жас қызға ұқсап қымсынып, жел қозғаған
Қурайдан да қорқамын қыбыр еткен.
Асқарымнан ақ қанат құлар таңым,
Ақ сезіммен ашылып, құмартамын.
Жолымызды жалғаған кешіктіріп
Мен ішімнен тағдырға кінә артамын.
Ашпады ма, ашты ма түн бағымды,
Шешпеді ме, шешті ме жұмбағыңды.
Балапандай қорқып бір сезбей қалдым,
Құшағыңда тығылып тұрғанымды...
Не істесем де көтердің ашуланбай,
Төбемізден жұлдыздар шашылғандай.
Ұлы аспанның астынан бір аспаным
Арманға ұқсап айқара ашылғандай.
Жұлдызды аспан, сүйенер өр тауым ба ең,
Тау боп тербер аңсаған ерке әнім бе ең?
Аспан болып ашылған құшағыңнан
Сыртқа қарай шығуға қорқамын мен...
Аспаныңнан аспан боп ашылармын,
Ашылармын, сәулеңе асығармын.
Қос жүректей қосылған қос жұлдызды
Жерге қарай келмейді шашып алғым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шақырасың, бастайсың қайда мені өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Шақырасың, бастайсың қайда мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шақырасың, бастайсың қайда мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шақырасың, бастайсың қайда мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері