Тұншығып ойға сенделемін де

Бұл бетте «Тұншығып ойға сенделемін де» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Тұншығып ойға сенделемін де,
Жалықтық әбден мен де, өлеңім де.
Көктемнің нұры жауратты мені,
Апыр-ай, шыннан келмегенің бе?
Не ойлар келмес пендеге күнде,
Шараппен ғана емделемін бе?
Жүрегім тағы ауырды бүгін,
Шынымен маған келмегенің бе?
Өзіңмен мені тең демедің бе,
Тарығып кеттім мен неге мүлде?
Қуырып мені шырылдатып–ақ,
Ұмытып өзің келмегенің не?
Қақталып әбден шөлдегенімде,
Сен едің, қалқам, ең керегі де.
Жеккөрсең мені амалым қайсы,
Жөн шығар онда келмегенің де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұншығып ойға сенделемін де өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Тұншығып ойға сенделемін де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұншығып ойға сенделемін де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұншығып ойға сенделемін де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері