Ән салғандай ояу жел, ояу далада

Бұл бетте «Ән салғандай ояу жел, ояу далада» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 558
Ән салғандай ояу жел, ояу далада,
Көзіңдегі сезімде бояу бола ма?
Күрсіне берем, кешігіп кездескеніме,
Жарық дүние, өтпелі аялдамада...
Көктемнің көптен, желі еспей келді,
(Япыр-ау, іштегі өрт неге өшпейді, енді?)
Бір ыстық бейне, бір өзің арқылы,
Жасындай жарқылдап, елестей берді...
Көзіңе көзіммен ұнатып қарадым,
Кетпеші жанымды жылатып, қарағым.
Қонғандай қолыма қыранның сұңқары,
Армандай далаға гүл атып барамын.
Көзімнің бұлағын жыр әнің кептірды,
Қиялмен тербетті шынарың көп күнді.
«Іздеген жоғымды кешігіп таптым» - деп,
Әлемнен шүйінші сұрағым кеп тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән салғандай ояу жел, ояу далада өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ән салғандай ояу жел, ояу далада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән салғандай ояу жел, ояу далада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән салғандай ояу жел, ояу далада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері