Бала ойы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Бала ойы» атты Ескен Елубаев жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2230
Мезгiл келiп жеткенде
Сыбызғылы, сырнайлы,
Күн мейiрiн төккенде,
Бозторғайлар жырлайды.
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердiң алабы,
Қызғалдаққа көмiлiп,
Көздiң жауын алады.
Жайнап тұрған түз жаққа,
Көзiм тоймай қараймын.
Əсемдiктiң ұзаққа
Созылуын қалаймын.
Көкейдегi тiлегiм:
Шөбiн шаппай тұрғанда,
Жайып дала кiлемiн,
Салтанатын құрғанда,
Шартараптан келiмдi
Көп кiсiлер келсейшi.
Менiң туған жерiмдi
Осы кезде көрсейшi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала ойы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Бала ойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала ойы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала ойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері