Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің
Бұл бетте «Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің,
Жалғанды басып өтерсің бәлкім қоншыңнан.
Тағдырдың шертіп жұмыр шекесін,
Ұрарсың аузын жандардың талай қомсынған.
Таусылмас салымың, ырық-күшің бар,
Айқайла тауға, құдірет – өзің, қаймықпа.
Төрт қарғаң өсер-ау – қырық кісің бар,
Таймайтын әсте қызығып жолдан байлыққа.
... Шуаққа тоймадың, зират – мекенің,
Үніңді тыңдап, мінәжат етіп табынам.
Алыстан сағынып, қирап жетемін,
Өртеніп-ісіп, жасымның ыстық табынан.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі