Ленинград жолында

Бұл бетте «Ленинград жолында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2521
Ақты оқтар зуылдап,
Айнала орап жан-жақты,
Кемпірқосақ құрып ап,
Көктің жолын жау бақты.
Жүргізбеді бір аттам,
Қарлы боран, қанды асу.
Керек Ленинградқа
Жалпақ елмен жалғасу.
Қиын жермен қатынау,
Қиын көкпен қатынау.
Бомба төгіп борандай,
Жолды бөгеп жатыр жау.
Ладогада ақ боран,
Бой бермейді аттауға.
Жолды тартып жатты адам,
Көкала мұз, ақ қарда.
Арқан байлап беліне,
Бірін-бірі жетелеп,
Ладоганың көлінен,
Жолды тартты төтелеп.
Жер мен аспан гулесіп,
Жауды қанша оқ бұршақ.
Жүрді ерлер су кешіп,
Оқ астында көпір сап.
Қанша адамды көл бүркеп,
Жетпей өлді мұратқа.
Тұрды Ленин жол сілтеп,
Тура Ленинградқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленинград жолында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ленинград жолында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленинград жолында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленинград жолында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері