Аңыз сынды ақиқат

Бұл бетте «Аңыз сынды ақиқат» атты Сырбай Мәуленов жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2289
Сөгіліп сел боп мұзынан,
Көңілге салды үрей қыс.
Шонжының қарлы құзынан
Дүрілдеп жетті дүлей күш.
Толқындар ұқсап қасқырға,
Жөнелді топтап қойды алып.
Секірді шопан тасқынға
Жататын кез жоқ ойланып.
Алмақшы ол қойын айырып,
Апаттың бермей аузына.
Әп-сәтте тасқын жайылып,
Теңіз боп кетті тау-жыра.
Олжасын толқын қамалап,
Айдады алға сабалап.
Шопанның жары шырылдап,
Жүгірді жарды жағалап.
Ащы тер көзге құйылды,
Жел күлді оны мазақтап,
Тастардан тасқа үйірді
Жігітті тасқын азаптап.
Алабұртып асыға
Толқындар атты ақкөбік.
Қоюға шопан басына
Гүлдерін содан жатты өріп.
Ойнатып біраз еңгеріп,
Жұтты оны тасқын күркіреп.
Жас шопан кетті жем болып,
Айта алмай жарға бір тілек.
Олжасын қорғап өбектеп,
Соқса да қарсы жел өкпек.
Жартасқа жетті келіншек,
Жанұшырып дедектеп.
«Тілсіз күш мылқау мұндар деп,
Жарыммен мені бірге ал деп»,
Қайратын жиып ақырғы
Келіншек жардан атылды.
Қараңғы көрдей іңірде,
Басылды тулап сай тасып.
Жайласып жартас түбінде
Қос құшақ жатты айқасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңыз сынды ақиқат өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Аңыз сынды ақиқат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңыз сынды ақиқат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аңыз сынды ақиқат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері