Толған ай – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Толған ай» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2559
Не айтқың келеді толған Ай?
Осы бір жорамал болмағай.
Қолымды созып ем көкке мен
Қойды көк қолдамай.
Бір ойдан бір ойға тұсалам,
Қапалы жанға бір ұсаған.
Құс болып кетсем деп армандап,
Төге ме көңілі құсалы ән?
Ай, Жерің бабымен қозғалар.
Тыныш па соған қол созбаған.
Көңілге бір тыным бермейді
Жүректе жанатын маздақ ән.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері