Бұл бетте «Третьяков галереясында» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Пана таппай
Тәкәппар паң қаладан,
Жүректердің
Шеріндей тарқамаған.
Суретші деген
Халықтың өмірі бұл,
Үнсіздіктің
Азабын арқалаған.
...Қоғамы бар,
ол көздер анталаған.
Кербездейін
Баса алмай шалқалаған.
Көзі тұнған
Көркемдік. Көрікті ойы.
Бұларда еш
ісі жоқ қалталы адам.
Бейнеленген
Санамен дауыл, далаң.
Жан дүниеңе
Ізгілік шамын жағар.
Сурет салып
өтеді ол. Өмірде де
Дүниені
әз қалпы қабылдаған.
Пана таппай
Тәкәппар паң қаладан,
Жүректердің
Шеріндей тарқамаған.
Суретші деген
Халықтың өмірі бұл,
Үнсіздіктің
Азабын арқалаған...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі