Жарқыра, Күн! – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жарқыра, Күн!» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1872
Жарқыра, Күн!
Мен бүгінде көктеммін, таң – тұрағым!
Бұл әлемде жабырқап жүргендерге
бір жақсылық етсем деп талпынамын.
Жүректе – сүйікті елес,
мәңгілік Күн – жанымда, биікте емес.
Бұл әлемде ең биік – Адам ғана,
мұңдануға ешкім де тиісті емес!
Жанымда – қуаныштар,
қуанышқа ілескен бұла күш бар;
көшіп келіп көңіліме көкжиектер,
жақындаған секілді бір алыстар.
Ұғынбадым,
ұғып жатар шамам жоқ мұның бәрін.
Сен арқылы әлемге шаттық шашып,
дүниенің сіңірдім нұрын, нәрін,
сен арқылы қуаныш құлындадым.
Қайдам, мұнда сенің не сырың барын.

1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқыра, Күн! өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жарқыра, Күн! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарқыра, Күн! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарқыра, Күн! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері