Ұйқас
Бұл бетте «Ұйқас» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күндіз қайда?
Жұлдыз қайда?
Ай қайда?
Ай қайда деп бассам ба екен айғайға?
Шамам құрып,
Самал да ұлып санамда,
Қараңғылық жан-жағымды жайлай ма?
Жан жарығым...
Бар ма бүгін?
Қайда? – деп,
Арманымды айтсам ба екен Айға кеп?
Жəйлап еппен..,
Майда леппен мазалы
Айна-көктен жарылқар ма Лəйла кеп?..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі