Жер – мекенім болғанда, көк – тұрағым –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Жер – мекенім болғанда, көк – тұрағым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер – мекенім болғанда, көк – тұрағым,
Денем дімкес,
Дегбірсіз дертті жаным.
Айқұлағы қабырдың – аруақ туы,
Ту астында туыс бар..,
Keп тұрамын.
Түңгі Елеспін,
Тілім жоқ,
Үндемеспін.
Аспандамын,
Мұңлықпын,
Мұңда емеспін.
Жерден безіп, көкке ұшып кетті екен деп
Енді мені жатпайды күндеп ешкім!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі