Бұлбұл барда
Бұл бетте «Бұлбұл барда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлбұл барда –
Хақ тағала көмейіне бал құйған,
Қалай мүлгіп-қалғиды əн?!
Тəркі дүние таңдайына татымай
Талай мұңлық музаға елтіп жан қиған...
Соның бірі Шəмші еді –
Тағдырымның тамшы емі,
Өнерімнің өлшемі,
Өмірімнің бөлшегі.
Жүрегімді жүргізген,
Іреңімді кіргізген
Алпыс екі тамырымның қан-сөлі.
Шəмші де жоқ,
Тамшы да жоқ,
Ем де жоқ...
«Жоқ» көбейсе көреді екен пенде азап.
«Əлдиіңнен»,
Əн-күйіңнен жаңылсаң,
Жаратқанға неңді айтасың, сен, қазақ?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі