Сен маған тамыр жайдың – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сен маған тамыр жайдың» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1357
Сен маған тамыр жайдың,
(мен жүргенмін көзімнен арылмай мұң),
содан бері туғандай жанымда Ай, Күн:
бей-жай тірлік тағы да былай қалып,
аласұрып сағынам, жалындаймын.
Жалғыз кешіп, дауыл мен жел екпінін,
жаным жаурап тоздырған желек-гүлін,
көппен жүріп күрсінгем
сезінгеннен
мені сезер бір жанның керектігін,
шуағыңды шаш енді, ерек Күнім!
Талай түстім торына тұзақ қылдың,
бірде күлдім жындыдай, жылап бір күн.
Арасында адастым құрақ-нудың,
өмір-сеңмен алыстым, құлап-тұрдым.
Дымы кеуіп, шөл жеген қара жер ем,
тамыр жайдың – тірілтіп, гүл аттырдың!
Қайғысымен күңіреніп жыр-жүрегім,
кейде ызамен шашатын мұңды лебін,
(жан дертімнің бір адам білді ме емін?)
Тағдырымның түнек-түн патшалығын
найзағай боп келдің де тілгіледің!
1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен маған тамыр жайдың өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сен маған тамыр жайдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен маған тамыр жайдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен маған тамыр жайдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері