Бұл бетте «Сүйікті газетіме» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
"Тіл сақшысын" сүйеді бар ағайын ,
Оның орны мен үшін дара дәйім.
Газеттің 5 жылдығы құтты болсын ,
Сәдуақас Әбдіқадірұлы ағайым!
Өзге тілдер жатқанда бізді дендеп ,
Сәдуақас аға , жансын Сіздің еңбек ,
Қазақ тілдің көтеріп мәртебесін , Өткізесіз жат сөзді сүзгіден көп .
Қызып тұр тілдің қазір нақ дауы шын ,
Бұл газет сан өшірді жат дауысын.
Бұл газет үлкен жұмыс атқаруда ,
Қазақ тілдің беделін сақтау үшін .
"Тіл сақшысын " ардақтап Сыр өңірі ,
Мақала жазды адамдар жүрегі ірі.
"Тіл сақшысы" ұлтымның мақтанышы ,
Атап айтқан жөн болар , міне , мұны .
5 жылдығы газеттің болсын құтты !
Әр нөмірін асыға ел шын күтті .
Жасай берсін бұл газет мәңгілікке ,
Насихаттап тілім мен еркіндікті .
Жас ақынның келеді жырын ұштап,
"Тіл сақшысы "әр кезде биік ұшпақ.
Жете берсін шыңдарға "Тіл сақшысы"
"Рухани жаңғырудың " туын ұстап !!!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі