Дос іздеп келем, жарқыным

Бұл бетте «Дос іздеп келем, жарқыным» атты Фариза Оңғарсынова жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1977
Дос іздеп келем, жарқыным,
өткіздім талай жалқы күн,
ажырасқанымды қия алмай
қайғысын қанша қарпыдым…
білмеймін неге - әйтеуір достықтарымның
бас жағы – шаттық, арты – мұң.
Өзгелеу сезім, ісім кей,
көп жандар содан түсінбей…
құбылмас сезім маған жат
балшықтан соққан мүсіндей;
достығым да менің қиындау
тағдырымның көрінісіндей.
Иілмегенге асқақпын – тұрам оқшаулау
кісілігімнен кішірмей.
Талайлар менен түңілген,
менің де сонша риза болған күнім кем;
дос болу үшін жүрегім ылғи жүгінген
сүюі керек мені ол жан
қырсықтық кемістігіммен,
(келіспе, мейлің, мұныммен!)
Тағдырым осы – қиын де,
қастерле, мейлің иілме.
Тау кезген тағы жылқыдай
қосылмай тобыр-үйрге
өтем-ау деймін өмірден тегі дос іздеп
шарқ ұрған осы күйімде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос іздеп келем, жарқыным өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дос іздеп келем, жарқыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос іздеп келем, жарқыным өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос іздеп келем, жарқыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері