Інілер – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Інілер» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3512
Мереке Хасановқа

Сағынып жүрмін, бағынып жүрмін сезімге,
Жұқарып бара жатқандай берік төзім де.
Інілерімді іздейтін болдым үздігіп,
Бәрі де ыстық, қартайған осы кезімде.
Алдымнан шықса, құшағын жайып, ағалап
Басыма менің қонғандай бейне дара бақ.
Жайқала түсер жапырақтары жанымның,
Жүремін дәйім ілтипаттарын бағалап.
Асығыс жүріс - ауылға барған сапарда,
Тезірек тағы кайтуың керек шаһарға.
Екі тізгінді қолдарына алып інілер,
Келіңдер жайған дастархандарға апарған.
Бір күнге бір күн жатады солай жалғасып,
Уақыт шіркін білдіртпей жылжыр, алға асып.
«Пейілдердің бұл хиуазын қалай қайтарам»,
Осындай ойлар көңілде тұрар арбасып.
Бір ойдан бір ой - жемісін жиі теремін,
Жетпіске жеткен, көп нәрсе көрген көнемін.
Өмір жолымда жүздесіп жүрген, інілер,
Баршаңызды да жүректе сақтап келемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Інілер өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Інілер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Інілер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Інілер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері