Жылқышы бала – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жылқышы бала» атты Фариза Оңғарсынова жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3489
Құрық алып қолыма,
қамшы салып торыға,
жылқы айдаймын жайлауда,
шаң ілеспей соңыма.
Ат көрмесем, сағынам,
жүйріктерге табынам,
ұшқан құстай зуласа,
жел еседі жалынан!
Арғымағым, арында,
жеткізбейін сағымға.
Ат жалында ойнаған
менің аталарым да!
Көрші біздің даланы –
қызыл-жасыл алабы,
жүйрік атпен жарысып,
ол да зулап барады.
Елдің көркі — сәйгүлік,
ердің көркі — сәйгүлік.
Жүрген қандай жайлауда
жүйрік қуып, тай мініп!
1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқышы бала өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жылқышы бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылқышы бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жылқышы бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері