Туған жер – Дагиман Еламан

Бұл бетте «Туған жер» атты Дагиман Еламан жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сағыныш

Жолыққандарды алаламай көп,
Саған қиын-ау, маған оңай деп.
Сағынып елді аралап келем,
Шақшадай басым шарадай, өзім,
Шарқ ұрып жүрмін шағаладай боп.

Бұланды,Көкше арасындағы,
Түсінер жұртым, жанашырларым!
Балалық өткен көк жайлауымдай,
Мен мұндалайды дала сырмағы.

Анардай таулы, әдемі белдім,
Ақынның аңсар, қалауы болдың.
Ағайын аман әкеліп жатыр,
Жүрегі толған сәлемін елдің!

Баһадүрге ұқсап жерім деп өткен ,
Шайырдай шалқып елін көгерткен.
Қырандай қалқып жанға шипа іздеп,
Орнаттым жайсаң көңілге көктем.

Қайда қалды екен балалығым деп,
Өткенге көз сап жанарым бүрлеп.
Жапырақ-жүрекке шық болып қонған,
Тәтті Мұңыма дала күлімдеп.

Мендей ақынды қарсы алса тағы,
Демес ем мүлде жан шаршатады.
Ыстық лебімен кеудемді сипап,
Маңдайдан сүйсе сәл-сәл шапағы.

Арманым жоқ-ау, сірә менің де,
Қасқырдай жортып қырат, өрің де.
Қаба жал, жүйрік тұлпарға мініп,
Көсіліп шапсаааам құба белің де!

Сан жолдар шексіз жалғап араны,
Жатса да мейлі, таулар алабы.
Өшпейді мына жүректен Мәңгі,
Сағыныш дейтін арман алауы!


Пікірлер (3)

Айару

Туған жер ма сағыныш па,?

Арман

Туған жерге сағыныш шығар

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Дагиман Еламан — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері