Сен үшін, жаным
Бұл бетте «Сен үшін, жаным» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Медеу Арынбаев
Өмірімді,
Көңілімді
Арнадым саған.
Бір ән болып,
Қыран болып,
Самғадым саған.
Шыңдардан да,
Сындардан да
Сүрінбей өттім.
Таң нұры боп,
Ән-жырым боп,
Күлімдей жеттің.
Қайырмасы:
Сен үшін, жаным, көктемде,
Гүл іздедім бөктерде.
Сағыныш лебі өпкенде,
Айналдым әппақ кептерге.
Сен үшін, жаным, көктемде,
Дауысым талып жеткенше,
Өзіңді құшып-өпкенше,
Шыдам-тағат жоқ менде.
Тілдесуге,
Жүздесуге,
Асықтым саған.
Таппай тыным,
Мақтайтыным –
Ғашықпын саған.
Шаттансам да,
Мақтансам да,
Сен үшін, жаным.
Тербейтұғын,
Өлмейтұғын
Өзіңсің әнім.
Қайырмасы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі