Партеногенез – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Партеногенез» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 997
(аударма)

Маған ақыл үйретуші мықтылар
күннен-күнге есалаң боп барады,
бірінің де жағдайы жоқ түкті ұғар,
мен де оларды тыңдағаным шамалы.
Олар, міне, жиылып ап барлығы
сайран салып жатыр басқа жақта ана.
Бірі көрмей башпайынан арғыны,
жолдассиды бір-біріне мақтана.
Шеттерінен мықтылары қоғамның,
әсіресе саясатқа жетік тым.
Әр сөзіммен, қадамыммен олардың
жүректерін жаралап-ақ кетіппін.
Әрбір ісім ағартыпты шаштарын,
әжім түсіп қызыл шырай беттерге!
Мезгілімен іше де алмай астарын,
Тіпті бәрі есуас боп кеткен бе?!
Кетсем екен, ал-дал болдым білсеңдер,
жүрсем бе әлде бітелгендей құлағым,
кеңестерін тыңдаған боп жүрсем бе,
«Сандырақ, - деп тура айтсам ба, -
бұларың!»
Ұмыттым ба тәуелсіздік дегенді,
сасып қалам көп сөздердің ішінде.
Білмей тіпті кімге қалай сенерді,
өңім бе бұл әлде көрген түсім бе?
Бір нәрсені істеу үшін түбінде,
нені істемеу қажеттігін білсем-ау.
Досымды іздеп келген бақта іңірде
қайтемін мен бұқпантайлап жүрсе жау.
Бұл өмірде қателесіп көрмесем,
кім сенеді қателестім дегенге?
Осы бастан данышпан боп өрлесем,
күні ертең-ақ ұмытады мені ел де.
Мен сонда да өзгертемін бейнемді:
тұра қалып амандасам бәрімен,
дәл солардай кием дақсыз жейдемді,
үйренемін соның бәрін әлі мен!
Аяғымды қалауымша баспаймын,
басқаларға жағынамын күлімдеп.
Туралықты, бетке айтуды тастаймын,
ондай адам жиі-жиі сүрінбек.
Осылайша байлаймын мен көздерін,
өзімді өзім қайта пішіп тігемін;
ықпалымен аяқ басып өзгенің,
орындаймын тек солардың тілегін.
Сонда менің болмайды ешбір сасарым,
Тұра алады бұл ісіме нанбай кім?!
Сосын қайта өз әніме басамын,
мен басқаша өмір сүре алмаймын.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Партеногенез өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Партеногенез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Партеногенез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Партеногенез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері