Надежда, Үміт, Үмила – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Надежда, Үміт, Үмила» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1939
(Н. К.)

Надежда, Үміт, Үмила,
Қарындасым, дәуренсің.
Шырағым Үміт, Үмила,
Аққуымсың, сәулемсің...
Түйін салып жас балғын
Алма ержетіп өседі.
Албырап биік саяда
Уыздай болып піседі.
Не шіриді, не құрт жеп,
Не бір кезде үзеді.
Сабағы қурап немесе
Үзіліп жерге түседі.
Сен алмасың биікте,
Сен әлі жас баласың.
Түскеніңді үзіліп
Білмей, қалқам, қаласың.

1922 жыл, 28-мамыр, Ташкент,
Айт. Дұрмен


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері