Ұлы сезім

Бұл бетте «Ұлы сезім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Ұлы сезім!
Сені іздедім.
Білмеймін неге іздедім.
Қалай ғана бұл ойды негіздедім!
Алауы өшкен бұл пәни тірлігіммен
Сен мәңгіге япыр-ай егіз бе едің!
Алды-артыма қарамай сені іздедім,
Күн қайтқанда мұның не дегізбедің!
Сені іздедім әйтеуір кеп іздедім,
Тірлігіммен осынша егіз бе едің!
Аланы кеп алапат күнді өткердім
Дауылды кеш, жауынды түнді өткердім.
Жоғалтқанын таппаған жолаушыдай,
Айықпайтын жаныма мұң бөктердім.
Ұлы сезім! Сен сірә осындай ма ең,
Абайлатпай алатын тосындай ма ең!
Құйынында үйіріп адастырар,
Қинап құшар қылықты досымдай ма ең!
Ұлы сезім, япыр-ай, осындай ма ең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы сезім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұлы сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері