Көңіл, шіркін

Бұл бетте «Көңіл, шіркін» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2732
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Өтер кім бар ойнадым-күлдім демей?
Кейде мылқау секілді тіл қатпайсың,
Кейде әнші боп кетесің бұлбұл көмей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Күмілжімей кім жүрер, кірбіңдемей?
Күліп тұрса «байлығым» миығынан,
«Кедейлігім» тұнжырап тұрды үндемей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Біреуіне біреуін білдірмегей.
Кедейлік пен байлығың бірдей болса,
Көкірегің тұра ма күмбірлемей?
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Жатыр дейсің кім солмай, кім гүлдемей.
Қысқа ғұмыр қамшының сабы болса,
Нәзік жүрек үзілер бүлдіргедей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Жамандыққа жаныңды ілдірмегей.
Айналады түбінде жоғың барға,
Жоқ екен деп барыңды бүлдірмегей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Айтарыңды ашық айт, міңгірлемей.
Қара шаңның астында қалсаң-дағы,
Жаны таза, жарқыным, жүр кірлемей!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл, шіркін өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көңіл, шіркін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл, шіркін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл, шіркін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері