Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала

Бұл бетте «Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала,
Таң атсын арамыздан арайлана.
Жаныма жақын туған, жұлдызым-ау,
Көзіме түспей келдің қалай ғана?
Таң атсын арамыздан арайлана,
Сескеніп жан-жағыңа қарайлама.
Көзіме түспей жүрдің қалай менің,
Ұқсап бір, толған айым, шар айнаға.
Деректі өзің жайлы естіп өтем,
Сезімдей балапанды кеш түлетем.
Көрсетпей сенің маған ақ жүзіңді,
Жасырып жалбыр бұлттар көшті ме екен?
Алдыңа сылтау тауып жүз барамын,
(Қылығы белгілі ғой қыз баланың).
Сезімтал дүниедегі әйелдердің
Көзінен мен өзіңді қызғанамын.
Кіршіксіз көңілі пәк, жаны бала
Танымай жақын жанды жаңыла ма?
Өң түгіл, өзге емес түсінде де
Көрсе деп тілеп жүрмін мені ғана.
Ғашықтың болады екен түні жарық,
Жылы өзен өзегінде күліп ағып.
Аударып арманымды тек өзіңе,
Барады назарымды бұрып алып.
Жанымды қайтер екем жыр жайлаған,
Күн көзін жер шарымен бірге айналам.
Арманым адастырып ақ сағымға,
Әдейі жеткізбестен жүр ғой маған.
Шырқау боп шыдамымды сынайды әр күн,
Шегіне жетпей қойдым бір ойлардың.
Қорған ғып қанатыңды, қыран құсым,
Төбемнен алыстамай шыр айналдың.
Аман бол қыран құсым мекені көк,
Сен үшін шынар болдым жеке гүлдеп.
Шарқ ұрып сәуле шаштың биіктерден,
Мені шын сен бақытты етемін деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері