Қызылорда

Бұл бетте «Қызылорда» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1178
Қызылорда жаңа орда,
Бір кезгі Қызыл астанам!
Секілдісің шежіре
Ғасырлар жазып тастаған!
Көшенді бойлап келемін,
Көргендей кино күйдемін.
Жылдардан сонау сыр шертіп,
Сөйлеп тұр көне үйлерің.
Жыпырлаған мынау бір
Көп терезе, қақпа – есік...
«Сәлделі сүлік ұясы
Осы емес пе екен Ақмешіт!»
Перовск! Боз бөрік,
Тікірейген мұрт көрем.
Бой тасалап дойырдан
Ығысып, босқан жұрт көрем!...
«Кел қазақ, жиыл кедейлер,
Ұйымдас жалшы, құлдармен!» –
Деген үн бір кеп құлаққа,
Тоғысты отты жылдармен...
Жатаған мынау ақ үйдің
Қақпасын ашып ақырын,
Толғанып төрде отырған
Көремін күрес ақынын...
Осылай сурет ауысып,
Жылдарды жылдар қуады.
Керуендей шұбап, күн жылжып,
Ойдан ой өрбіп туады.
Қызылорда – жаңа орда,
Бір кезгі Қызыл астанам!
Секілдісің шежіре
Ғасырлар жазып тастаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылорда өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қызылорда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылорда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылорда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері