Жақсы мен жаман – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Жақсы мен жаман» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.03.2019
  • 0
  • 0
  • 6299
Біреудің аспанда жүр даражасы,
Біреудің көкте қолы, жерде басы.
Жақсының жаман менен айырмасы —-
Ойласаң, жер мен көктің екі арасы.
Жігітке ақыл — пана, уайым — қорған,
Сабыр сақтар жігітті қазған ордан.
Көрмегенді көрдім деп айтқан адам —
Білсеңіз, ол бір жаман хайуаннан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері