Ер жігіт дүниені көргені артық – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Ер жігіт дүниені көргені артық» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 25572
Ер жігіт дүниені көргені артық,
Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық.
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық.
Қол берген қиын жерде жолдас артық,
Бас тартқан жолдасынан болмас артық.
Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген,
Досыңнан - қатын - балаң болмас артық.
Жігітке сайран етіп жүрген артық,
Жігіттік бір кеткен соң, келмес қайтып.
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан - тәнің бірдей жанып күйген артық.
Осылай бозбалаға салдым ңұсқа,
Өмірің зайғы болар бекер босқа.
Көргенің бір күнгідей болмас сірә,
Міне, ажал келді нәубат деген тұста.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері